Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселелердің өзекті екенін атап өтті.

Қазіргі жаһандану жағдайында әлем елдері түрлі қауіп-қатерлерге тап болуда, соның ішінде экстремизм мен радикализмнің түрлері кең етек жаюда. Бұл үрдістер қоғамдық тұрақтылыққа, ұлттық қауіпсіздікке және халықтар арасындағы татулыққа елеулі қауіп төндіреді. Кездесудің мақсаты осы қауіптердің мәнін терең түсіну, алдын алу тетіктерін жетілдіру және бірлесіп әрекет ету жолдарын қарастыру болды.

Жиында алдымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М.Марат ауданда ұлттық және саяси экстремизмнің алдын алу мен жолын кесу бағытындағы қабылданған шаралар мен барысы туралы және тәуекел топтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде теологтар мен ақпараттық-түсіндірме тобының рөлі мен орны туралы хабарлама жасады.

Мұнан соң кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы аясында атқарылған жұмыстар туралы Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова баяндады.

Комиссия отырысында кезекті мәселелердің бірі дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы аясында атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов хабарлама жасады.

Жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы бірқатар кемшіліктерді назарға алып, хабарлама жасаған тұлғаларға жұмысты әлі де жандандыру керектігін айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
11 қыркүйек 2025 ж. 100 0