Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық сала қызметкерлерін құттықтады

Коммуналдық сала қызметкерлерін құттықтады

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай коммуналдық салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылармен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары коммуналдық сала қызметкерлерінің ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше екенін атап өтті. Тазалық пен тәртіптің сақталуына, елді мекендердің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген әйелдер қауымының еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.

Мерекелік кездесуде бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің мерекелік құттықтауы табысталып, ерекше құрмет көрсетілді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 наурыз 2026 ж. 143 0