Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық референдумда өз таңдауымды жасадым

Республикалық референдумда өз таңдауымды жасадым

Бүгін елімізде республикалық референдум өтуде. Бұл науқанға қатысу әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, еліміздің дамуы мен тұрақтылығына қосқан үлесіміз, болашаққа жасаған таңдауымыз.
Ата Заңда біздің құндылықтарымыз, құқықтарымыз айқын жазылған және әрбір азамат үшін оны қадірлеу парыз.
Бүгін аудандағы бір топ зиялы қауым өкілдерімен, ел ақсақалдарымен бірге қаладағы «Қарлығаш» бала бақшасындағы №53 референдум учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым.
Қазір аудан бойынша жалпы 56 референдум учаскесі болса, оның 16-сы Арал қаласында орналасқан. Барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7:00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Халықтың саяси науқандағы мерекелік көңіл-күйі жақсы.
Барша азаматты еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Еліміздің болашағы өз қолымызда!

15 наурыз 2026 ж. 80 0