Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан ардагерлері Қызылорда қаласындағы жаңа нысандарды аралады

Аудан ардагерлері Қызылорда қаласындағы жаңа нысандарды аралады

Арал ауданынан Қызылорда қаласына іссапармен барған ел ағалары, ардагерлер және зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы делегация қаладағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Сонымен бірге бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне куә болды.
Делегация мүшелері соңғы жылдары ел игілігіне берілген заманауи нысандарды аралап, олардың қызметімен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, Отбасы орталығы, Достық үйі, Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық орталығы, «Анаға тағзым» орталығы, «Келешек мектептері», «Kaysar Arena» стадионы, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы және Өнер орталығы сынды қаланың көркін ашар заманауи ғимараттардың жұмысына куә болды. Мереке қарсаңындағы мазмұнды шаралар мерекелік концертке ұласпақ.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл тағылымды шаралар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.

Айта кету керек, аталған бастамалар аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен жүзеге асуда.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
19 наурыз 2026 ж. 108 0