Сансыз мүмкіндіктер алаңы

Иә, заман талаптарына мойынсұнып, ондағы жетістіктердің қыр-сырына қанығып, заманауи технологияларды еркін меңгеруді көздейтін бағдарлардың бірі-«Цифрлы Қазақстан» екені даусыз. Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында дүниеге келген бұл бағдарлама еліміздегі жастардың жаңашыл бағыттарына жаңа серпін бергендей. Жалпы, цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздік алған бастапқы кезеңдерде ақ батыл енгізіле бастады. Оған себеп, мектептерді компьютерлендіру, сымсыз байланыс орнату, желілік телеарна, қағаз жүзіндегі жұмыстардың компьютердің арқасында жеңіл жүзеге асуы біздер үшін бүгінде жаттанды күйге енді. Одан бөлек, ғаламтор жүйесінің еліміздегі қарқынды дамуы біздің өмірімізбен тығыс байланыс орнатты. Бұл еліміз үшін сансыз мүмкіндіктер алаңына айналмақ.
Ш. Таспанова,