Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Павлодар облысының бірқатар кәсіпорындарын аралады

Министр Павлодар облысының бірқатар кәсіпорындарын аралады

ИИДМ Роман Скляр бірінші болып Бозшакөл тау-кен байыту кешені «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШСнің жұмысымен танысты. Ол кәсіпорын мыс рудасын өндіру мен байыту жөніндегі 2015 жылы іске қосылған ұзақ мерзімді стратегиялық жоба. Жоба индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі басымды жобалардың бірі болып табылады. Жоба арқылы мыс пен алтынның тұрақты экспортын жолға салуды жоспарлануда. Қуаттылығы 2025 жылға дейінгі кезеңде мыстың катодты эквиваленті 100 мың тоннаға дейін және 120 мың алтын унциясына дейін болып келеді.Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Екібастұзға сапары барысында жолай Шідерті кентіндегі «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас жолының қалпына келтіру учаскесіне барды. «Қазавтожол» басшылығы министрге жол құрылысының барысы туралы ақпарат берді, Автомагистраль салу құрылысын аяқтау үшін Павлодар облысында орналасқан бірнеше учаскелердегі жұмыстарды аяқтау қажет, (Ақмола облысында орналасқан трассаның соңғы участогы 2019 жылы қаңтар айында пайдалануға берілген).
Бүгінгі таңда Павлодар облысында 210 км автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ең масштабты жоба – бұл астана мен облыс орталығының арасындағы жолды қысқартқан «Нур-Сұлтан - Павлодар» автобаны. Роман Скляр Шідерті кентінің маңындағы жол учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мердігерлік ұйымдардан құрылысты қысқа мерзімде аяқтауды талап етті.
Сонымен қатар Роман Скляр ертеден келе жатқан ірі көмір кәсіпорындарының бірі - «Богатырь Көмір»ЖШС-ң жұмысымен танысты. Оның «Богатырь»және «Северный» разрездері бүгінде Қазақстан бойынша көмір өндірісінің жалпы өнімінің 44% құрайды. Кәсіпорын толық қуаттылықпен жұмыс істейді, 2018 жылы бұл кәсіпорын 45 млн тоннаға жуық көмір өндірді. Оған қоса, бұл өңірдің ірі жұмыс беруші кәсіпорны болып табылады – кәсіпорында 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Импорт ауыстыру шеңберінде ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді түрде дамып келеді. Теміржол кластері «Проммашкомплект» ЖШС жергілікті өндіріс орындарын тетіктермен қамтамасыз етуде. «Проммашкомплект» ЖШС 2006 жылдан бағыттамалық бұрма, крестовина, жөндеу жинақтары, қатты диаметрлі темір жол доңғалақтарын өндірумен айналысады. Кәсіпорынның қызметі теміржол кластерін дамыту шеңберінде жобаны іске асыруға бағытталған жоғары технологиялық импорт алмастырушы өндірісті құруға бағытталған. «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС жүк вагондарын шығаруда. Тапсырылған мерзімде кәсіпорын жылына 2000 жартылай вагондар және 500 жабық вагондар немесе 500 платформа шығара алады.
Министр компания басшылығымен, тапсырыс берушілердің және жеткізуші тараптардың өкілдерімен бірге қиындықтарды шешу мүмкіндіктерін талқылады.
Министрге Кәсіби оқу орталығы алаңы көрсетілді, онда жағармай-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсетуші мамандар даярланатын болады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Роман Скляр журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.
https://baq.kz
10 мамыр 2019 ж. 767 0