Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берді.

ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.

08 мамыр 2026 ж. 46 0