Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі күні аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев пен Нұрмұхамед Бохаев Арал қаласындағы бірнеше тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.Аудан әкімінің орынбасары Еркін Жұмаханұлы алдымен Ермекбай Досмамбетовтың отбасында болып тылда аянбай тер төккен ақсақалға құрмет көрсетті. Онан соң жастығын еңбекпен өткерген Кульжан Сержанова мен Канжан Елеусізоваларды Жеңіс күнімен құттықтап, ілтипат көрсетті.
Тыл майдангерлеріне көрсетілген құрмет мұнымен шектелген жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Омарұлы аудандағы абыз кеуде, қазыналы қария, тыл ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы Шәкірат Дәрмағамбетовтың шаңғырағында болып, қазына кеуде, шежіре сандық қарияны 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтады. Мұнан соң тыл ардагерлері Бибосын Тайлақбаев пен Үртай Мархабаевалардың шаңырағына барып, арнайы құрмет көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында балалықтың бал қызық кезеңдерін ауыр еңбекке айырбастаған тыл ардагерлерінің Жеңісті жақындатуға қосқан өлшеусіз үлесі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Оларға әрдайым көрсетілер құрмет пен алғыс та шексіз екендігі сөзсіз.
Мереке қарсаңында ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел-жұрттың амандығын тілеп, ақ баталарын берді.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі











