Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАННАН ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛҒАН НЕМІСТЕР ЖУСАННЫҢ ИІСІН АҢСАП ЖҮР

ҚАЗАҚСТАННАН ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛҒАН НЕМІСТЕР ЖУСАННЫҢ ИІСІН АҢСАП ЖҮР

Германия – тарихи Отаным, ал Қазақстан – туған Отан-Анам. Қоныс аударғандарына ұзақ уақыт өтсе де, немістер туған өлкесін бір мезет естен шығармаған. Елге үнемі құлағын тосып, бүйрегін бұрып тұрады. Гаукс Вальтер - солардың бірі. Ол өскен өңірі туралы зор толғаныспен айтып берді. Гаукс Вальтер – қазақ топырағында туған неміс. Балқаш қаласынан 12 шақырым жердегі Қоңырат ауылының тумасы. Ата-анасы да осында дүниеге келген. Бұлардың ата-әжесі Сталиндік қуғын-сүргінде елімізге жер аударылады. Содан табысып, отбасын құрыпты. Барлығы мына баспанада тұрған. Ал, 1996 жылы тарихи отанына қоныс аударыпты.
https://kaztrk.kz

11 мамыр 2019 ж. 962 0