Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ASTANA MUSICAL» өнерпаздары Арал өңірінде

«ASTANA MUSICAL» өнерпаздары Арал өңірінде

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастырумен мәдениет қызметкерлер күніне орай «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының өнер ұжымы Арал өңіріне келді.

Өнер ұжымын аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Күлбаев күтіп алып, өңіріміздің мәдени-рухани өміріндегі мұндай тағылымды шаралардың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары гастрольдік сапармен келген өнерпаздарға сәттілік тілеп, Арал жұртшылығы атынан ақжарма лебізін білдірді. Мәдениет пен өнердің халықты рухани тұрғыда жақындастыратын үлкен күш екендігін атап өтіп, шығармашылық ұжымның жұмысына табыс тіледі.

Елордадан келген талантты өнерпаздар аудан тұрғындарына ерекше мәдени кеш сыйламақ. Концерттік бағдарламада заманауи және классикалық шығармалар, театрландырылған қойылымдар мен әсерлі музыкалық нөмірлер ұсынылады деп күтілуде.

Осыған орай, ертең – 21 мамыр күні сағат 17:00-де Арал қаласындағы Аудандық мәдениет үйінде «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының концерттік кеші өтеді.

21 мамыр 2026 ж. 32 0