Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Халық әуені" жобасы ұлттық руханиятты жаңғыртуға бағытталған

"Халық әуені" жобасы ұлттық руханиятты жаңғыртуға бағытталған

Құрметті аудан тұрғындары және қала қонақтары!

2026 жылдың 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Halyk Bank демеушілігімен, Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» атты ауқымды бірегей гастрольдік-тур жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты – жоғары көркемдік деңгейдегі концерттік бағдарламалар арқылы Қазақстан халқының мәдени құндылықтарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Аталған жоба аясында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Астана мюзикл" мемлекеттік театрының "Мюзикл әлемі" концерті ертең, яғни 21 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде сағат 17:00 де өтетін болады.

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы ұлттық руханиятты жаңғыртуға бағытталған, халықтық музыкалық мұраны заманауи форматта ұсынатын ерекше мәдени бастама. Жоба аясында сан ғасырлық саз бен дәстүр сабақтастығы бүгінгі тыңдарманмен жаңа сипатта үндесіп, ұлттық өнердің терең тамырын кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

21 мамыр 2026 ж. 36 0