Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгінгі сенбілік шараларының жүзеге асырылу барысына бақылау жасаған аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қаладағы бірнеше құрылыс нысандарын да аралап, ғимараттардың сапасы мен айналасындағы абаттандыру және тазалық жұмыстарына мән берді.
Алдымен қаланың кіреберіс бөлігіндегі Тәжі Палуан көшесінде бой көтеріп жатқан бес мұнаралы зәулім мешіт ғимаратына аялдады. Алла үйінің құрылыс жұмыстарына қанығып, ғимарат ішін аралап көрді. 1800 адамға шақталған үлкен нысан бүгінде елдегі жанашыр әрі тілекші азаматтардың көмегімен тұрғызылуда. Қазіргі таңда мешіт үйінің сыртқы қаптау жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мешіт аумағынан жаңа асхана ғимараты салынуда.Мұнан соң өткен жылдың соңында халық игілігіне пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жай-күйімен танысып, сыртқы қоршау жұмыстарын көрді.
Сондай-ақ Арал қаласының екі жағын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің қазіргі жағдайымен танысты. 2025 жылы пайдалануға берілген ауқымды жоба бүгінде халық игілігіне сапалы қызмет етіп келеді.
Аудан әкімі қала бойынша жүргізіліп жатқан бірқатар сенбілік жұмыстарын да бақылап, №220 мектеп жанындағы Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған аллеяның қазіргі жағдайымен танысты.
Бүгінгі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстарының маңызды екенін атап өтіп, барша азаматтарды қаламызды және қоршаған ортаны әркез таза ұстауға шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
23 мамыр 2026 ж. 26 0