Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропалық одақтың елшісімен кездесті

Еуропалық одақтың елшісімен кездесті

Астана қаласында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич Арал ауданы әкімінің орынбасары Шерхан Есжановпен және ЕО қаржыландыратын GLOCAL жобасының пилоттық аумақтарының бірі — Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Азат Балмырзаевамен кездесті.

Кездесуде тараптар Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық апаттың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын талқылап, су ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау және жергілікті өзін-өзі басқару салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне назар аударды.
GLOCAL жобасы Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жергілікті деңгейде іске асыру арқылы Еуропалық Одақтың жергілікті дамуға арналған аумақтық тәсілдемесін (TALD) ілгерілетуге бағытталған. Жоба азаматтардың қатысуын кеңейтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған практикалық шешімдерді дамытуға ықпал етеді.

Жоба аясында Қамыстыбас ауылында жалпы құны 18 миллион теңгеден асатын (30 мың еуродан астам) келесі азаматтық бастамаларға қолдау көрсетілді:

• «SDG Hub Kambash» — мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғам ұйымдарын және жергілікті қауымдастықты біріктіретін, ТДМ-ды жергілікті деңгейде енгізуге арналған алғашқы ауылдық платформа.

• «Қамыстыбас ауылын дамыту» — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қолжетімді әлеуметтік қызметтерді кеңейту және жасыл көгалдандыру технологияларын енгізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған жоба.

• «Таза Қамбаш» — Қамбаш көлін және оған іргелес аумақтарды қорғауға бағытталған бастама. Жоба аясында жергілікті қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыру, тұрақты тазалық акцияларын ұйымдастыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру көзделген.

Өз сөзінде Елші Алешка Симкич Еуропалық Одақтың жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға, азаматтардың шешім қабылдау процестеріне қатысуын арттыруға және ешкімді шетте қалдырмайтын инклюзивті әрі тұрақты дамуды қолдауға ерекше мән беретінін атап өтті.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
29 мамыр 2026 ж. 52 0