Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Қызылорда облысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында “Конституция – мемлекетіміздің мызғымас іргетасы” атты дөңгелек үстел өтті. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған “Конституция – мемлекетіміздің мызғымас іргетасы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Іс-шараға AMANAT партиясының партиялық бақылау инспекторы А.Жарылқасынов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Құқықтану” кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Е.Алтаев және Қызылорда облысы полиция департаменті заң бөлімінің аға инспекторы А.Арынғазы қатысты. Кездесу барысында спикерлер жас мамандармен пікір алмасып, өздерінің қызметтік тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ заңдылықты сақтау, кәсіби әдеп қағидаттарын ұстану, азаматтық жауапкершілік пен Отанға адал қызмет ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелде қатысушылар тәуелсіздігіміздің тұғыры саналатын Ата заңның қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, Конституцияның үстемдігі мен елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мәні туралы өз ойларын ортаға салды. 
Ашық диалог форматында өткен кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық мемлекет қағидаттарын терең түсінуіне мүмкіндік берді. Шара соңында қатысушылар кітапханада ұйымдастырылған “Конституция – кемел келешек кепілі” атты кітап көрмесімен танысты.
03 маусым 2026 ж. 40 0