Ағылшын тілінде әңгіме жазған оқушы АҚШ-қа барады

Оқушы ағылшын тілін үйренгенді ерекше жақсы көреді. Өйткені, көптеген пайдалы деректерді түпнұсқада меңгеру арқылы біршама мүмкіндіктерді алуға болатынын есептейді. Жеңімпаздың тілді меңгерудегі білімін арттыруда ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрзада Ермағамбетова мен шет тілі мұғалімі Jacob Labuschagne көп еңбек сіңірген. Зияткер биылғы жылы IELTS емтиханынан 6,5 балл жинаған.
«Бағдарлама маған өте пайдалы болатынына сенімдімін. Өйткені АҚШ-қа сапар естен кетпес әсер мен тіл меңгеруге тамаша мүмкіндік сыйлайтынына үміттенемін. Курс барысында алған білімімді шетелдік университеттерге білім грантына үміткер болғанда барынша пайдаланамын. Аталған байқауда техникалық тұрғыдан көмек білдірген мектебіміздегі кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші Сауле Алдабергеноваға, тіл меңгеруге көмек көрсеткен барша ұстаздарыма алғыс білдіремін, - дейді жас қаламгер.