Алғашқы болып дауыс берді
Бүгін Арал қаласында орналасқан барлық сайлау учаскелерінде, жергілікті уақыт бойынша мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде. Олар сайлаудың халық үшін маңызы зор екенін жеткізді. Сайлаушыларға тосын сый да жасалды.Соның бірі №42 Байтұрсынов сайлау учаскесіне ең алғаш болып өз таңдауын жасауға асыққан қала тұрғыны Әлімжан Жұбанов алғашқы болып дауыс беріп, сыйлыққа ие болды.
– Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша ерте келдім. Әр азаматтың дауысы маңызды. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, учаскенің ашылуын күттім. Ауданымыздың болашағын айқындайтын науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді, – дейді Әлімжан Жұбанов.










