Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Бүгін 18 жасқа толған Әлиева Нұрперзент қала әкімі сайлауында алғашқылардың бірі болып, өз дауысын берді.

Учаскеге ерте келген жас сайлаушы өзінің азаматтық ұстанымын танытып, таңдауын жасады. Бұл күн Нұрперзент үшін ерекше мәнге ие болды, себебі оның кәмелет жасқа толған туған күні мен алғашқы дауыс беру сәті бір күнге тұспа-тұс келді.
– Бүгін мен үшін қос қуаныш. Біріншіден, 18 жасқа толып отырмын. Екіншіден, туған күнімде алғаш рет дауыс беріп, азаматтық борышымды орындадым. Қаламыздың болашағына қатысты өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Бұл күн менің өмірімдегі ең есте қаларлық сәттердің бірі болып қалары сөзсіз, – деді Нұрперзент Ғалымқызы.

21 маусым 2026 ж. 94 0