Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруханада жатқан айыпталушы телефон арқылы сотқа қатысты

Ауруханада жатқан айыпталушы телефон арқылы сотқа қатысты

Алаяқтық жасағаны үшін істі болған азамат ауруханада жатып-ақ телефон арқылы сотқа қатыстыТүркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны бөтеннің мүлкін жымқыру, сеніміне кіріп, алаяқтық қылмысын жасағаны үшін сот алдында жауап берді.  1975 жылғы У.Қ. өзінің танысы 1979 жылы туған С.У-дан "күйеуіңнің құжаттарын, жеке бас куәлігі мен ЖСН-ді жасап беремін" деп алдап, қомақты қаржысын қалтасына басқан. Ақшаны өз қажетіне жаратып жіберіп, бой тасалаған. Алаяқ танысына алданып қалған әйел құқық қорғау органдарына арызданған. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 1-ші бөлігі ("Алаяқтық") бойынша айып тағылған. Сот қарауы кезінде сотталушы жарақаттарымен ауруханада ем қабылдап жатқандықтан сотқа келу мүмкіндігі болмаған. Сайрам аудандық соты "Виртуалды сот" пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша сотталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы смартфонына орнатылған "TrueConf" қосымшасы арқылы сот отырысына қатысты. Яғни, виртуалды бейнеконференция байланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, есту мүмкіндігіне ие болды. Виртуалды істі қарау нәтижесі бойынша сотқа қатысушылар "Сот жүйесінің 7 түйіні" бағдарламасы барысында іске қосылған "Виртуалды сот" жобасының жұмысына оң баға берді.
https://kaz.tengrinews.kz
13 мамыр 2019 ж. 910 0