Су тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
22 маусымнан 23 маусымға қараған түні Арал қаласы аумағына мол мөлшерде жауын-шашын түсуіне байланысты бірқатар орталық көшелерде жаңбыр суы жиналып, көлік қозғалысына уақытша қолайсыздықтар туындады.Осыған байланысты бүгін таңертеңнен бастап қала аумағында су тарту жұмыстары жедел ұйымдастырылып, жауапты мекемелер тарапынан арнайы техникалардың көмегімен көшелердегі суды шығару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда












