Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Осы ретте, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы және арнайы құрылған жұмысшы топ сауда нысандарын аралап, өнімдердің күнделікті бағасын саралап, шекті мөлшерден асып кетпеуін жіті бақылауда ұстап отыр.
Мониторинг барысында кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, негізсіз баға өсіміне жол бермеу, белгіленген шекті бағаларды сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, азық-түлік бағасын төмендету және тұрақтандыру бағытында жергілікті әкімдік тарапынан нақты шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, қыс маусымында сұранысы жоғары картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат секілді көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру мақсатында аудан орталығында жұмысшы топтың қатысуымен тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылып келеді.
08 желтоқсан 2025 ж. 45 0