Аудан өнімдері үздік өнімдер қатарында
Бүгін «Құзыреттілік орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың, мәслихат депутаттары, жергілікті бизнес өкілдері, даму және қаржы институттары басшыларының қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы өтіп, оған 70-ке жуық кәсіпорын қатысып, өздерінің сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.Көрмеде құрылыс материалдары, шыны және химия өнеркәсібі өнімдері, жиһаз, азық-түлік, сүт және нан өнімдері, түйе сүтінен өндірілген өнімдер, қайық жасау саласы және өзге де өндіріс бағыттарындағы тауарлар таныстырылды.
Осы байқауға қатысқан аралдық кәсіпкерлердің де өнімдері үздіктер қатарынан табылды. Соның ішінде «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша үздіктер арасында қайық және шыны талшықты шатыр жабындарының өндірісі бойынша аудан кәсіпкері Нысамбаев Жансерік дипломант атанған айтып кетуге болады.
Кәсіпкерді жетістігімен құттықтаймыз!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі











