Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды

Арал ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына байланысты арнайы техникалар мен жұмысшы мамандардың қатысуымен саптық қарау ұйымдастырылды.
Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме – «Дезинфекция и К» толық серіктестігі.

Саптық қарауға аудан әкімдігі, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық ветеринария, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, сондай-ақ Арал қаласы әкімдігінің өкілдері қатысып, күзгі залалсыздандыру жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу мәселелерін талқылады.
Биыл аудан бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша «қолайсыз» санатқа енгізілген 20 елді мекенде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Жоспарға сәйкес жұмыстар екі кезеңде жүзеге асырылып, әр елді мекенде белгіленген кесте бойынша жүргізілетін болады.

Аталған профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – кене арқылы таралатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау және тұрғындардың денсаулығын қорғау.

Аудан тұрғындарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін кезеңде мамандардың талаптарын сақтап, санитариялық қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақыра
22 шілде 2026 ж. 36 0