Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада үздік математикке 1 миллион теңге беріледі

Қызылордада үздік математикке 1 миллион теңге беріледі

Үздік математиктер Қызылордаға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24». 5 жыл қатарынан тек қалалық деңгейде өткізілген алғырлар бәйгесіне 18 бен 35 жас аралығындағы жүзге жуық мұғалім қатысып жатыр. Қазақстанның барлық өңірінен бөлек Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген дарындылар байқауын өткізуге «Жастар жылы» аясында 10 миллион теңге бөлінген. Халықаралық олимпиадада бақ сынаушылар күрделі шартқа құралған 7 есепті шығаруы тиіс. Физика-математика ғылымдарының кандидаттары мен докторларынан құралған қазылар алқасы 5 жеңімпазды анықтап, ең үздік жас математикке 1 миллион теңге көлемінде сыйлық береді. Олимпиада шеңберінде академиктер мен ғалымдардың жас мамандарға арналған оқу курстары да ұйымдастырылды. Мәуіт Рысбек, төреші: – Қатысып жатқан жүз шақты мұғалім ішінде 80% – ер азаматтар. Мәселе, ер азаматтардың мұғалімдікке келмеуі. Осындай бастамалар, қоғамдық шаралар арқылы мұғалім мәртебесін жоғары деңгейге көтереміз деп айта аламыз.
https://24.kz/
15 мамыр 2019 ж. 810 0