Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел тарихындағы ең маңызды науқан басталды

Ел тарихындағы ең маңызды науқан басталды

Бүгін саяси науқан. Құрылтай депутаттарын сайлау ел өміріндегі маңызды әрі тарихи қадамдардың бірі. Еліміз бойынша сағат 7.00-де барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.
Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 56 сайлау учаскесі белгіленген болса, оның 16-ы Арал қаласы бойынша жұмыс істейді. Құрылтай сайлауында 47 149 сайлаушы өз таңдауларын жасайтын болады. Ең алғаш сайлау учаскелерінде мемлекеттік Гимн шырқалып, жұмысын бастады.

Айта кетейік, әрбір қазақстандық осы саяси науқанда өз таңдауын жасау арқылы еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды тарихи шешімге өз үлестерін қоса алады!

23 тамыз 2026 ж. 47 0