Жұмысшы маман даярлау мәселесі күн тәртібінде
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, онда жұмысшы кәсіптері бойынша кадр даярлау, еңбек нарығына қажетті мамандарды анықтау және өзге де ағымдағы мәселелер жан-жақты қаралды.Мәжілісте аудан экономикасы мен өндіріс орындарына қажетті жұмысшы мамандықтарға сұранысты алдын ала зерделеп, алдағы жылдарға қажетті кадрлар тізбесін қалыптастыру жайы сөз болды. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы ауданда кәсіптік маман даярлауда әлеуеті жоғары оқу орындарының жұмысы ерекеше екенін алға тарпып, колледж басшыларына маман даярлау ісін әлі де жетілдіре түсу жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар алдағы жылдары ауданға қандай жұмысшы мамандарға сұраныс артатындығы бойынша талдау жұмыстарын жүргізу керектігін айтқан аудан әкімі жауапты тұлғаларға ірі кәсіпорындарға, жаңадан ашылатын өндірістерге қажетті мамандықтардың тізбесін осы кезден әзірлеуді тапсырды.Әкімдік мәжілісінде өзге де ағымдағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда аудан аумағындағы бос тұрған және пайдалануға берілген нысандарды тиімді пайдалану, құжаттандыру және теңгерімге өткізу мәселелері талқыланды.
Зерделеу нәтижесінде ауданның коммуналдық меншігінде бос тұрған 11 ғимарат анықталған. Оның 8-і құжаттандыруды қажет етеді. Сонымен қатар облыстық басқармаларға қарасты мекемелердің теңгерімінде тұрған 7 бос ғимарат бар, оның 5-еуі білім беру саласына тиесілі.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы мәжілісте жауапты бөлімдерге нысандарды құжаттандыру, тиімді пайдалану және теңгерімге өткізу жұмыстарын жеделдетіп, белгіленген мерзімде аяқтау міндеттеді.Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі









