Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

«Қазақ Газ Аймақ» акционерлік қоғамы Қызылорда өндірістік филиалы Арал аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директоры лауазымына Азамат Алтайұлы тағайындалды.

Азамат Алтайұлы - 1993 жылы Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.

2015 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай газ ісі, техника және технология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы Арал аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2017 - 2023 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратында түрлі лауазымды басшылық қызметтерді атқарған.

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арал қаласы әкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқарып келді.

Отбасылы

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

15 қыркүйек 2026 ж. 37 0