Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылтай сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтар марапатталды

Құрылтай сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтар марапатталды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өтіп, ауданда Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Жиында аудан әкімі еліміздегі саяси реформалардың маңызына тоқталып, Құрылтай депутаттарының сайлауының тарихи мәнін атап өтті.

Сонымен қатар, сайлау науқанын ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан аудандағы белсенді азаматтар мен түрлі салалардың өкілдеріне алғыс білдірді.
23 тамызда өткен саяси науқанға Сыр жұртшылығы жоғары жауапкершілікпен және белсенділікпен қатысты. Сайлау қорытындысымен Қызылорда облысы республика бойынша 90,75 пайыздық көрсеткішпен алғашқы үштіктен көрінсе, Арал ауданының қатысу белсенділігі 92,8 пайызды құрады.

Іс-шара барысында Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға белсенді үлес қосқан азаматтарға облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Марапат иелеріне ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс, зор денсаулық және жауапты қызметтеріне сәттілік тілейміз!
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

16 қыркүйек 2026 ж. 48 0