Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр маман құрметке бөленді

Әр маман құрметке бөленді

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен жиын өтіп, 6 қазанда өткен Референдум қорытындысына сәйкес бірақатар азаматтар марапат төрінен көрінді.Аудан әкімі алдымен саяси науқанды өз деңгейінде өткеруге атсалысқан барша аралдықтарға алғысын жеткізді.
– Құрметті әріптестер, өздеріңіз білетіндей 6 қазан күні Қазақстан халқы бүгінін байыптайтын, болашағын бекемдейтін саналы таңдау жасау арқылы елімізде Атом электр станциясын салуға өздерінің нақты көзқарастарын білдірді. Тату тәтті тірлігіміздің, халықтың зор сенімінің арқасында Сыр елі тағы да үздіктер қатарынан көрінді. Дауыс беру көрсеткішімен аймағымыз республика бойынша бірінші орынға шықты. Біз осылайша саяси науқанның өз деңгейінде өтуіне атсалысып, береке-бірліктің, тату-тірліктің жарқын үлгісін көрсете білдік. Осы саяси маңызды науқанға белсене қатысқан барша аралдықтарға, жерлестеріме шынайы алғысымды білдіріп, ризашылығымды жеткізгім келеді, – деді Аманжол Сақыпұлы.
Саяси науқандағы ұжым мен қызметкерлердің еңбегіне берілген лайықты баға ретінде бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ бірқаттар ұжым мүшелеріне аудан әкімінің Алғысы табысталды.
Жиын соңында аудан әкімі мемлекеттік маңызды шараларда уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерді әр істе ауызбіршілік танытуға шақырып, алдағы шараларды лайықты дәрежеде атап өтуде бірлік танытуға шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
06 қараша 2024 ж. 64 0