Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіспен оралған сүйкімді бүлдіршіндер

Жеңіспен оралған сүйкімді бүлдіршіндер

Алматы қаласынан жеңіспен оралған "Нұр-Ай" балабақшасының сүйкімді бүлдіршіндерімен, балабақша өміріне белсене араласқан ата-аналары мен осы байқауға жетекшілік еткен қызметкерлерін балабақшамыздың меңгерушісі Ибраева Жазира Маратқызы: "Бұл жетістігімізді тек бастапқы жеңіс деп, алдымызда қаншама биік белестерді бағындыратынымызға үмітпен қарайтындығын айтып"- өз тілегі мен ниетін, арнайы ризашылығын білдірді. Сонымен бірге жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, ата-аналарға гүл шоқтарын ұсынды. Марапаттау рәсімі соңында ата-аналарға сөз кезегі ұсынылып, балабақшаға деген жақсы тілектерін, алғыстарын айтты. "Алдағы уақытта балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілеп, биіктен көрінулеріне шын жүректен тілектеспіз" деген жүрекжарды тілектерін білдірді.
16 мамыр 2019 ж. 972 0