Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер алғысы – жастарға ақ бата

Ардагер алғысы – жастарға ақ бата

Үлкенді сыйлау, ардагерді ардақтау – ұрпақ тәрбиесінің өзегі. Қарияның көңілін сұрап, қажет кезінде қол ұшын созу – кейінгі буынға үлгі боларлық ізгі іс.
Осыны негізге алған ауданның белсенді жастары ардагер,ақжаулықты ана Нәтипа апайдың шаңырағына арнайы барып, қолғабыс көрсетті. Жастар үй ауласын жинастырып, айналасын ретке келтіріп, тұрмыстық жұмыстарына көмектесті.

Сонымен қатар, жастар Нәтипа апайдың жағдайын сұрап, әңгімелесіп, ақыл-кеңесін тыңдады. Көрсетілген көмекке ризашылығын білдірген ақжаулықты ана жастарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.

– Еліміз аман болсын! Жолдарың ашық болып, дегендеріңе жетіңдер. Тілектерің қабыл болып, өмірлерің ұзақ болсын! – деді Нәтипа апай.
Жастардың бұл еңбегі ардагердің тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, көңіліне қуаныш сыйлады. Ал ақ батасы – жас буынға берілген үлкен өнеге.
17 қыркүйек 2026 ж. 56 0