Тазалық сақтау ортақ міндет
Дүниежүзілік тазалық күніне орай Арал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Игі шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді. Аудан басшысы өз сөзінде қоршаған ортаны қорғау, туған жердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңызына тоқталды.
Сенбілік барысында Арал ауданының Құрметті азаматы, ақын, журналист Жұмабай Жақып ақ батасын беріп, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.
Экологиялық акцияға ауданның белсенді азаматтары, мекеме мен бөлім қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылып, қала аумағын абаттандыру, тазалау және көркейту жұмыстарына қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы – елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жердің көркеюіне үлес қосуға үндейтін маңызды бастама. Сенбілік барысында көпшілік тазалықтың бір күндік шара емес, күнделікті өмір салты болуы қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті.
Туған жердің тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы келер ұрпаққа көркейген, таза мекен қалдыру – баршаға ортақ міндет.

Н.МАРАТ