"Таза бейсенбі" акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді
Бүгін Арал қаласындағы Сақина аллеясында қоршаған ортаны таза ұстау, туған жердің көркеюіне үлес қосу мақсатында “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы ұйымдастырылды.Экологиялық шараға аудандық мәслихат және партия филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия белсенділері қатысты.
Акция барысында аллея аумағы күл-қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Мұндай игі шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтып қана қоймай, тұрғындарды туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – болашақ ұрпақ алдындағы маңызды жауапкершілік екені сөзсіз.
“Таза бейсенбі” акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан көлемінде тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Бірлік пен ынтымақтың үлгісіне айналған бұл бастама – таза қала мен көрікті мекен қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
#АМАНАТ












