Аралдың дәмі – Астана төрінде
Аралдың ақ маржаны мен теңіздің табиғи өнімдері елорда төріне жетті. Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде Сыр өңірінің, оның ішінде Арал ауданының өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Ауданнан жәрмеңкеге 18 тоннаға жуық өнім апарылды. Оның ішінде 10 тоннаға жуық балық және балық өнімдері, 4 тонна ет, 3 тоннаға жуық тұз және тұз өнімдері бар. Өнімдер елорда тұрғындарына нарықтағы бағадан төмен бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкеде Аралдың балығы ерекше сұранысқа ие болды. Теңізден алынған балық өнімдері елорда тұрғындары қызығушылықпен сатып алып, Аралдың дәміне деген ықыласын білдірді. Бұл – Арал өнімдерінің тек өңірде ғана емес, ел көлемінде де өз тұтынушысын тапқанын көрсетеді.
Аралдың аты аталғанда алдымен теңізі мен балығы еске түседі. Бүгінде сол теңіздің несібесі елдің әр өңіріне жетіп, Аралдың дәмін алыстағы ағайынға танытып келеді. Ал мұндай жәрмеңкелер жергілікті өнімді кеңінен таныстыруға және отандық өнімнің тұтынушысын көбейтуге мүмкіндік береді.
Елорда төрінде өткен жәрмеңке Сыр елінің берекесін көрсетіп, Аралдың табиғи өнімдерін көпшілікке тағы бір мәрте танытты.

«Толқын» ақпарат