Сырдың сыйы Сарыарқаға жөнелді

Жәрмеңкеде мұнан бөлек аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ қай кезден де "Сыр елі – жыр елі" атанған аймақтың өнерпаздары концерттік бағдарлама қойып, елорда халқын ерекше көңіл күйге бөлемек.
Жалпы жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диқандары мен тауар өндірушілері 40 жүк көліктерімен жалпы құны 160 млн теңгені құрайтын 450 тоннадан астам өнімдер тұрғындарға ұсынылады.
Атап айтқанда, 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жөнелтілді.
Иә, мұның ішінде Арал ауданының брендтері де бар. Нақтырақ айтар болсақ, астаналықтар Аралдың ақ алтынына баланған тұз бен теңіз маржандарынан дәм тата алады. Себебі жәрмеңкеге 3 тонна тұз бен 10 тонна балық жөнелтілген.
"Толқын" ақпарат