Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдың дәмі – Астана төрінде

Аралдың дәмі – Астана төрінде

Бүгін еліміздің бас қаласы – Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сыр өңірінен елордаға жеткізілген табиғи әрі сапалы өнімдер қала тұрғындарына ұсынылып, жәрмеңке берекелі сауда-саттық алаңына айналды.
Молшылық мерекесіне Арал ауданынан 18 тоннаға жуық өнім жеткізіліп, елорда тұрғындарына нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды.

Аралдан барған өнімдердің басым бөлігін балық және балық өнімдері құрады. Атап айтқанда, жәрмеңкеге 10 тоннаға жуық балық және балық өнімдері, 4 тонна ет өнімдері, сондай-ақ 3 тоннаға жуық тұз және тұз өнімдері жеткізілді.
Арал теңізінің төл өнімдерін төрткүл дүниеге танытып жүрген Аралдың балығы елорда тұрғындарының ерекше сұранысына ие болды. Жәрмеңкеге келушілер табиғи өнімдерді көптеп алып, Сыр өңірінің дәміне жоғары бағасын берді.
Берекесі мен ырысы жарасқан жәрмеңке ел бірлігінің, өңірлер арасындағы байланыстың және отандық өнімге деген сұраныстың айқын көрінісі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

19 қыркүйек 2026 ж. 66 0