Жылу беру маусымына дайындық пысықталды
«Әділет» партиясы Арал аудандық филиалы мен аудандық мәслихат депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады.Аралау барысында нысандардағы жылу жүйелерінің жағдайы, қазандықтардың дайындығы, жылыту қондырғыларының жұмысқа жарамдылығы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды.
Сонымен қатар жылу беру маусымы басталған кезде туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және нысандарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде жауапты мамандарға тиісті ұсыныстар айтылды.











