Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарияға құрмет – ұрпаққа үлгі

Қарияға құрмет – ұрпаққа үлгі

1 қазан – Қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы және аудандық мәслихат депутаты Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы бірқатар ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.

Қадірлі қарияларға ақ тілектерін арнап, сый-сияпаттарын табыстаған партия өкілдері ардагерлерге деген құрметтің қашанда назарда екенін жеткізді. Үлкендердің өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі кейінгі буын үшін қашанда өнеге.
Кездесу барысында ардагерлер де өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін айтып, баталарын берді. Қарттарды құрметтеу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Үлкенге ізет көрсетіп, олардың ақыл-кеңесін тыңдау – ұрпақтар сабақтастығының берік негізі.
01 қазан 2026 ж. 89 0