Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттық фракция мүшелері Барсакелмес бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

Депутаттық фракция мүшелері Барсакелмес бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

Бүгін Облыстық мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі, Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы, “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, аудандық мәслихат депутаты Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы “Барсакелмес” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында, халық қалаулылары осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды тізбектеп, алдыға қойылған жоспарларымен бөлісті.
Ұйым мүшелері, фракция мүшелеріне бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Атап айтқанда, қазіргі таңда жастарды кітап оқуға белсенді тарту бойынша арнайы жобаларды қолға алу қажет екенін тілге тиек етті.
Фракция мүшелері кездесу барысында қойылған талап-тілектерді ескере отырып, аталған мәселелер төңірегінде алдағы уақытта жұмыстар жасалатынын айтты.
#АМАНАТ 
20 маусым 2025 ж. 39 0