Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай ауылы тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылды

Абай ауылы тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылды

Арал ауданының Абай елді мекеніне сапалы ауызсу жеткізіліп, тұрғындардың көптен күткен мәселесі шешімін тапты.Ауызсу жүйесін тарту жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Ауызсудың елді мекенге жетуі – Абай ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартудағы маңызды қадам. Енді ауыл тұрғындары таза әрі сапалы ауызсуды тұрақты пайдалана алады.
Таза ауызсу – халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін ең маңызды игіліктердің бірі. Оның ауылға жеткізілуі тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлылық әкеліп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Абай ауылы үшін бұл – жай ғана жаңа инфрақұрылым емес, тұрғындардың өмір сапасын арттыратын маңызды жоба. Бүгінде ел игілігіне арналған жүйе толық іске қосылып, ауыл халқына қызмет көрсетіп отыр.
06 қазан 2026 ж. 108 0