Қасым-Жомарт Тоқаев: Таза су әрбір үйде болуы керек
"Су – тіршілік көзі, жердің нәрі" деп дана халқымыз текке айтпаған. Халықтың денсаулығы ең бірінші ауызсуға байланысты болса, ал ауыл халқының әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі өсірген егіні мен алған өніміне байланысты екендігі белгілі. Таза ауызсу – адам денсаулығының кепілі. Үкімет тарапынан халықтың әл-ауқатын, арттыруға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламалардың да ең өзектісі – ауызсу мәселесі.
Ауданда да бағдарламалар негізінде ауызсу мәселесін шешуде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы Сексеуіл кентінің тұрғын үйлерін орталық су жүйесіне қосу жұмыстары және Сексеуіл кентіне қарасты Жалғызағым елді мекенінің тұрғын үйлеріне ауызсу құбырын тарту жұмыстары толыққанды аяқталды. Сондай-ақ Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң елді мекеніне ауызсу құбыры тартылып, ел игілігіне берілді.
Биылғы жылы да нәтижелі жұмыстар жалғасын табуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арал қаласы аумағының шет аймақтарында салынған тұрғын үйлерге қалыпты деңгейде жеткілікті қысыммен су жеткізу мақсатында №1 мөлтек ауданынан қосымша су айдау стансасының құрылысы салынуда. Сондай-ақ осы аудандағы ауызсу құбыры тартылмаған үйлерге су есептегіш құрылғысымен су алатын шүмек орнатылатын болады.
Ал Аралқұм ауылдық округіне қарасты Шөміш елді мекенінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша ішкі су желісін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жақында аталған елді мекенде болып, ауызсу құбырын тарту жұмыстарымен танысып шықты. Құрылыс жұмыстарын жеңімпаз боп танылған мердігер – «Строй Дос KZ» ЖШС игі істі қолға алған. Шөміш елді мекені бойынша 5,7 шақырым ішкі су құбырлары тартылып, 50 м3 су мұнарасы орнатылып, 112 тұрғын үйге және әлеуметтік нысандарға ауызсу құбыры су есептегіш құрылғысымен қондырылатын болады. Қазіргі уақытта магистральды су құбыры монтаждалатын 5 шақырым жер қазылып, тозығы жеткен ескі су сорғы стансасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін ішінара бұзу жұмыстары жүруде.
Алдағы уақытта аудан бойынша сумен қамтуға байланысты атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ, Аққұлақ және Көктем елді мекенін сумен жабдықтау желісін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарына жоба әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық дайындалып, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын 2021 жылы қаржыландыру бойынша тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Сондай-ақ Ақбасты елді мекенінің ауызсу жүйесі құрылысының жобасы әзірленіп, 2018 жылы мемлекеттік оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 3 001 448,0 мың теңге. Ал Тоқабай-Абай елді мекенінің ауызсу жүйесі құрылысының жобасының жалпы құны 3 853 683,0 мың теңгені құрайтын жобасы да әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Жоспарланған жұмыс көлемі мен қаржысының ауқымдылығына байланысты, аталған жобаны республикалық бюджеттен қаржыландырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «Мүліктерді Арал ауданының коммуналдық мүлік деңгейінен республикалық меншікке беру туралы» облыс әкімінің өткен жылғы №6 қаулысы негізінде Су ресурстары комитетінің теңгеріміне берілді. Келесі жылы қаржыландырылатын жобалар тізіміне енгізіліп, әр жоба бойынша жұмысты бастауға 400 миллион теңгеден қаржы бөлінеді деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдарға өтпелі негізде жүзеге асырылатын болады.
Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауызсу мәселесі жыл сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Қай кезде болсын ауызсудың сапалы болуы халықтың денсаулығы мен тұрмыс деңгейінің жақсара түсуі үшін маңызды.
Қ. Абекенов,
аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы