Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Ауданда терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында аудандағы діни және қоғамдық ахуалдың қазіргі жағдайы, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Комиссия отырысында ұлттық, саяси және діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағым өкілдерімен жүргізіліп жатқан профилактикалық және оңалту шараларының тиімділігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қорғалу деңгейін арттыру мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жауапты сала басшыларына терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, тұрғындар арасында түсіндіру іс-шараларын жүйелі түрде жүргізуді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыруды тапсырды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

06 қазан 2026 ж. 93 0