Қызылордалық журналистер халықаралық турнирге қатысып жатыр
Қызылорда журналистерінің “Ақмешіт” командасы Гүржі елінің белгілі комментаторы Котэ Махарадзенің 100 жылдығына арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Ала доп бәсекесінде Қазақстан, Түркия, Армения, Украина, Румыния, Израиль, Египет және жарыс қожайындары Грузия командасы бақ сынайды. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!










