«Бөлінген қаржының көлемі емес, түпкі нәтиже маңызды»
«Әділет» фракциясының жетекшісі Ербол Адаев 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті талқылау барысында Құрылтайда сөз сөйлеп, Үкіметке жеті ұсыныс енгізді.
Ол депутаттық сауалында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін игерілген қаржы мен салынған нысандардың санына қарап емес, халықтың тұрмыс сапасы қаншалықты жақсарғанына қарай бағалау қажет екенін айтты.Фракция тұрғын үй бағдарламаларының нәтижесін тұрғын үй жағдайын нақты жақсартқан отбасылардың үлесі арқылы бағалауды, жаңадан салынған ауруханаларды дәрігерлермен және қажетті құрал-жабдықтармен алдын ала қамтамасыз етуді ұсынады. Сондай-ақ Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әрбір жоба бойынша нақты мақсаттар, мерзімдер мен нәтижелер белгіленуі қажет. Бұл қаражаттың жұмсалуын бақылау үшін депутаттар цифрлық теңгені кеңінен пайдалану қажет екенін жеткізді.
«Ұлттық қордың бюджет тапшылығын тұрақты қаржыландыру көзіне айналуына жол бермеуіміз керек», - деді «Әділет» фракциясының жетекшісі Ербол Адаев.












