Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір қауым ел аман қалған

Бір қауым ел аман қалған

Қазақ халқының басынан өткен ең қиын-қыстау күндердiң бiрi–ашаршылық жылдары екенi белгiлi.Нәубетжыл­да­ры­нанжаныңдықуырып, жүрегіңдіпар­ша­лай­тынқанды, шерліестеліктерінбейжайқалыптаоқуда, тыңдаудаоңайемес...
СолжылдарыІлиясЖансүгіров «Жұт» дегенпоэмажазғанекен. Поэматабыл­ма­ған. Табылғанбірғанашумағында:
Күнінеқазақмыңдапөліпжатыр,
Тұқымысағатсайынкеміпжатыр.
Өзбаласынүйітіп, сирағынжеп,
Көразабынтірідейкөріпжатыр, – депашаршылықтыңбүкілқасіретінкөр­сет­кен. Бұданартықдәлелде, құжаттаболақоймас. Бейімбеттіңаштықтуралыәңгімелеріноқығанымдабойымеріксізтітір­кенеді.
Ал, жерлесімізҚазиДанабаевтың «Қа­шақ­тар» аттыәңгімесініңкейіпкеріТілеу­мұрат­тың: «–Е-е, қарағым-ай, заманныңжақсыболуынтіле. Егердүниекіндігіненауаайналып, олай-былайкүнтуыпкетсе, мынатүп-түзуболыпжүргенадамдардыңбіріқой, біріқасқыр, екіншілеріжы­ланболыпжөнінекетеді. Айнымайқала­тынадамныңадамығана, бірақолдаси­рек» дегенсөзідеқиынкезеңдердіңшын­ды­ғынмеңзептұремеспе?
Бүгінде ашаршылықтың көзі тура куә­гер­лері қалмағанымен, олардың ұрпақтарының жүрегінде сақталған жазбалар бар. Олар аталары мен әкелерінің басынан өткерген қиыншылықтарын біліп өсті. Солардың бірі – мен.
Өз малын тонаудан қорғаған жандарға Қызыл армияның әскерлері жіберіліп, өзі аштықтан титықтаған қазақтарды аяусыз қыруы ашаршылық зобалаңын одан сайын өршіткен... Әкем Әли Ахметұлы мен оның досы Жандәулет деген бай өзінің тап­қыр­лы­ғының арқасында кәмпескеден болған қолдан жасалған ашаршылық кезінде біздің ағайындарымызды аштықтан аман алып қалған екен.
Әкемнің әкесі Ахмет ауқатты бай, бес түлігі сай кісі болған екен. Өзінің бес бала­сына енші берген кезде әрқайсысына 500-ден қой беріпті. Кәмпескенің хабары шық­қан кезде әкем мұндай зорлыққа көнбей, кәмпескеден малын айдап, біраз уақыт құмда қашып жүріпті. Ол кезде байлар жылқыдан басқасын айдап көшеді де, тек жылқысын ғана түзге қалдырып кетеді екен. Жылқы деген ақылды мал ғой. Иелері іздемесе,  өздері су ішкен құдығына көшкен ауылдың артынан іздеп жетеді. Міне, әкем жақын туыстарын ертіп және Жандәулет деген досымен бірге Қарақұмның қойнауларында бірнеше ай қашып жүріпті. Жандәулет бай­дың түрікмен жерінен алдырған асыл тұқымды қызыл нарлары болыпты. Сек­сеуіл­дің маңында «Ақкөл» деген жерде (құдығы бар) қашқан ауыл отырыпты. Күз айы, жер қырау. Артынан іздеген қызыл әскерлер, ауылдың комсомолдары мен белсенділері, милициясы бастап, ішінде жол көрсететін ағайындары да бар, соңдарынан қалмаса керек.
Бір күні түнде қызыл әскерлер ауылды қоршап алады. Әкем Әли мен Жандәулетті төсегінде тұтқындайды. Сол кезде ағам Шахан 13-14 жасар шамасында екен. Ол төсекте отырған Жандәулетке шошайма бас киім киген екі қызыл әскердің екі жағынан мылтықты кезеп тұрғанын көргеннен кейін бір сұмдықты жүрегі сезіп, 4 түйені түнде алып қашады. Солдаттар оған бала деп мән бермесе керек.
Шахан бір төбеге шыққанда бір нар қыр­сығып, табандап жүрмей қояды. Амал жоқ, нардың бұйдасын қиып, қалдырып кетеді. Үш түйемен 10-15 шақырым жердегі «Боқай» деген ауылға түнделетіп жетеді. «Ауылға жау шапты» деп хабар айтады. Сөйтсе, бұл ауылды да қызыл әскерлер қамап отыр екен. «Ақкөлде» екі байдың қонысы бар» дегенді естіп қуанған әскерлер дереу шауып барады. «Ақкөлге» барған Шалқардың, ал «Боқайды» қоршаған Аралдың милициясы екен. Екі жақ таласқан қызыл әскерлер «Бұл байларды мен бірінші ұстадым», «мен қуып жеттім» деп бір-бірімен атысып қала жаздапты. Тұтқындалған Жандәулет қызыл ­әскерлерге: «Менің бір өтінішім бар еді. Түрікменнен сатып алып, бота ке­зі­нен өсірген қызыл нарларым бар еді, солармен қоштасайын» депті. Рұқсат ал­ған соң, сонадай жерде тұрған түйелерді дыбыс беріп шақырады. Иелерінің соңғы қош­тасуын сезген болса керек, қызыл нарлар бірінен соң бірі келіп, еміреніп Жан­дәулетпен қоштасады. Қызыләскерлер сол күні барлық малды алдарына салып, Шал­қарға қарай айдай жөнеледі. Бірақ жолда әр төбеде бір нардан омақаса құлап қала береді. Оны ауыл адамдары етке сойып алады. Қо­ра­сы босап қалған ауылдың адамдары осы нарлардың етін қорек қылып, қыстан аман-есен шығыпты.
Соңынан белгілі болғандай, ақылды Жан­дәулет бай бір істік пе, әлде басқа қару ма, белгісіз бір затпен білдірмей, нарларды ауырмайтын жанды жерінен сұғып жаралап қалдырған екен. Жандәулет сол кеткеннен мол кетіп, хабар-ошарсыз кетіпті. Ал, әкем Әли қайтып келіп, қарақалпақ жеріне жер аударылып кете барады...
Міне, біз сол Жандәулет байдың тапқыр­лығының арқасында аман қалып, ұр­пақ жайған әулетпіз. Әкем марқұм аң­қыл­даған, ақжарқын мінезді жан еді. Еш­кімді жатырқамай, көмек сұраған жан­дар­ға қолындағы барын беретін. Естөре, Ағыс, Келіс сынды дос-жарандарымен бауы­рындай араласатын. Мал шаруашылығы саласында еңбек етіп, «Арал» совхозының фермаларында жылқы бақты. Қиындықты көп көргендігінен болар, қоғам малын ұй­қысыз күзетіп, өз малынан артық бап­тайтын. Қосаман жерінде дүниеден өтті. Ше­шем Рысжан сүйегі жеңіл жан еді. Әкем­нің қас-қабағынан-ақ бар нәрсені аңдап,бір қапталында болысып жүретін. Біз де ең­бекке ерте араластық. Ағаларым теміржол саласында абыройлы еңбек етті. Өзім мал да бақтым, Ұзақ жыл механизатор болып еңбек еттім. Шүкір, жарым Үржән екеуіміз ұл-қыз өсіріп, солардың қуанышына кенеліп отырған жайымыз бар.
...«Балапанбасына,тұрымтайтұсына» тура келген аумалы-төкпелі заманда өзі қиын халде тұрса да, өзгелер аман-сау қал­са деген тілекпен қолдан келер бар ама­лын жасаған Жандәулеттей жайсаң жан біз секілді қаншама әулеттің ұрпағын аман алып қалды. Бүгінде аруағына құран бағыштап, еске алып отырамыз...
Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева өзінің ой толғамдарының бірінде еліміз­дің ба­тыс өңіріндегі әрбір үйіліп жат­қан дөң­бек­тердің астында қандай белгі­сіз зират­тардың жатқанын жазады. Біз таба­ны­мыз­бен басып жүрген төбешіктердің астында қаншама боздақтардың сүйегі жатқанын кім білсін?! Тым құрыса, сол жазықсыз құрбандарды еске алып, құрмет тұтудың жаңа бір жобасын ойлап табу қажет сияқты...
Алпысбай Әлиұлы,
Шижаға ауылы.
28 мамыр 2019 ж. 925 0