Кәсіпкер Ақтөбе қаласының 150 жылдығына жерасты жолын тарту етті

"Жоба біздің компанияның жұмысы. Ылғи осы көшемен өткен кезде неге жерсаты жолын салмасқа деген ой келетін. Бұл жерде 3-4 оқушы қаза тапты, жол көлік оқиғасы көп тіркеледі. Қала әкіміне өтініш білдіріп едім, олар қолдады. Барлығына 60 миллион теңгедей қаражат кетті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге өз компаниямның жұмысшылары мен арнаулы техникалары пайдаланылды. Бұл менің сүйікті қалама деген сыйлығым", - дейді "TransMostGroup" құрылыс компаниясының бас директоры Төлеген Таңатаров.