Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕуроОдақ 100 және 200 еуролық жаңа купюраларды айналымға енгізді

ЕуроОдақ 100 және 200 еуролық жаңа купюраларды айналымға енгізді

Жаңа банкноттардың дизайны аздап өзгерді. Олар көлемі жағынан шамалы кішірек және қосымша қорғаныс элементтері бар. Бұл туралы Еуропалық орталық банк мәлімдеді.

100 және 200 еуродағы жаңа купюралар бүгіннен бастап ЕуроОдақ елдерінде айналымға енгізіледі. 
"Жаңартылған банкноттар бұрыңғы түсті гамманы сақтап қалғанымен олардың дизайны аздап өзгерді. Жаңа купюраның ені 50 еуро банкнотымен бірдей болады. Осының арқасында жаңа купюралар азаматтардың әмиянына оңай сыйып, ал банкоматтар оларды тезірек өңдейтін болады", - делінген таратылған ақпаратта.
100 және 200 еуролық жаңартылған купюралардың қосымша қорғаныс элементтері бар. Көзге көрінбейтін қорғаныс белгілерін тек санау машинасы ғана анықтай алады. Сондай-ақ, жаңа купюраны айналдырған кезде түсін өзгертететін голограммасы бар. Бұған дейін еуропалық валютаның 5, 10, 20 және 50 еуролық купюралары жаңартылған болатын.
Әзірге ескі банкноттар да айналыста жүре береді. Жалпы 2018 жылдың соңында еуроның ескі нұсқасын айналымға шығару тоқтатылды.
"Бұл терроризм мен заңсыз еңбек қызметін қаржыландыруға жол бермес үшін жасалған қадам", - делінген ақпаратта.
Қазір 500 еуро номиналы бар купюраларға айналымдағы еуропалық валютадағы барлық банкноттың 2,3%-ы тиесілі.
https://baq.kz
28 мамыр 2019 ж. 1 663 0