Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында пойыз құрастырылатын болады

Түркістан облысында пойыз құрастырылатын болады

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қытайлық «BYD» компания өкілдері арасында кездесу өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік компания Түркістанда туристерге арналған жеңіл теміржол пойызын құрастыру мақсатында жергілікті мекенді зерттеуге келді. Алдағы үш күн бойы қытайлық сарапшылар пойыздың жүру бағыты бойынша жолдарды, стансаларды және инфрақұрылымдарды егжей-тегжейіне дейін саралайтын болады.
Бұл іссапар – Түркістан облысы әкімдігі мен «BYD» компаниясы арасында бұрынырақ қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі. 
«BYD» – жоғары технологиялық компания, ҚХР-дағы жеңіл теміржол көліктерін және электрлі вагондар жасау бойынша ең ірі өндіруші. 1995 жылы құрылған. Қызметкерлер саны – 240 мың адам. Компания электроника, автокөліктер, жаңа энергетика және теміржол транзиті салалары бойынша 30-дан астам индустриалды парктерге ие», - делінген таратылған ақпаратта.
https://baq.kz
30 мамыр 2019 ж. 913 0