Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев: Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді, тіпті, демалыста да

Назарбаев: Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді, тіпті, демалыста да

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан, тіпті, кезекті демалыс кезінде де кеткісі келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Мен әлемнің барлық мемлекетінде болып көрдім. Сондай-ақ, 200-ден астам президентпен жүздестім. Дүниежүзінің ең әдемі жерлерін араладым десем де болады. Алайда Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді, тіпті, кезекті демалыс кезінде де. Себебі, біздің Қазақстанда, біздің отанымызда барлығы бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сондай-ақ, ол жастардан Қазақстанды әлемдік аренада белсенді түрде дамытуға көмек сұрады.
"Өткен жылы мен арнайы әртүрлі жерлерге бардым. Қазақстандықтар теңізге барады, ал біздің өзімізде Каспий теңізі бар. Ол жақта қандай төрт және бес жұлдызды кешендердің бар екенін қараңызшы. Олар басқа елдердің қонақ үйінен еш кем емес. Бізде Алакөл, Бурабай, Алматы облысында тау шаңғысы курорттары бар. Сол себепті біз туристік потенциалды дамытып, осындай объектілерді ашуымыз керек", - деді Назарбаев университет студенттерімен кездесу кезінде. 
Биыл 963 студент ЖОО-ны тәмамдады, олардың ішінде 565-і – бакалавр, 378-і – магистратура, 40-ғы медицина докторы және алты студент – докторантура бағдарламасы бойынша. 
http://stan.kz/
31 мамыр 2019 ж. 917 0