"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге сегіз мыңға жуық өтініш мақұлданды
"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге сегіз мыңға жуық өтініш мақұлданды, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 151,1 млрд. теңге сомасына 13 319 өтініш қабылданды. Оның ішінде 91,4 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 7 894 өтініш мақұлданды. "7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Баспана" ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында http://www.baspana72025.kz/kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
https://kaz.tengrinews.kz