Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасында болды

Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасында болды

Тараз, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында батырдың отбасы тұрып жатқан үйге барды. Қазақстан Президентіне қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың құрметіне қойылған ескерткіш тақта, оның фотосуреттері, медальдары мен жеке заттары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманының жұбайымен және ұлдарымен әңгімелесу барысында Ғазиз Байтасовтың өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болғанын, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
https://baq.kz
03 маусым 2019 ж. 3 139 0